aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ

▪️Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жауапты басқарма басшылары мен қала әкімінің орынбасары қатысып, әр мәселенің оңтайлы шешілуіне атсалысты.
▪️Тұрғындар тарапынан сан түрлі әлеуметтік және қоғамдық мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жекеменшік мектепті ашуға қаржылай қолдау көрсету, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне сауықтыру шипажайында демалуға жолдама беру, соғыс ардагерлеріне арналған бұрыш ұйымдастыру, сондай-ақ жастарға арналған турнир өткізу мәселелері айтылды. Сонымен қатар осыған дейін көтерілген мәселелердің шешілгенін айтып, алғысын білдіргендер де болды.
▪️Өтініштерді мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер хаттамаға түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
▪️Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

21 ЖАСТАҒЫ НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІ: КҮДІКТІНІҢ ҮСТІНЕН ТАҒЫ БІР ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Aspan info

АЛМАТЫДА МОПЕДТІ ЖЕҢІЛ КӨЛІК ҚАҒЫП, КУРЬЕР ЖАРАЛАНДЫ

Aspan info

ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз