aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН МЕРЕКЕЛЕУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

📍Түркістанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар 14-наурыз күні басталады. Киелі мекенде халықаралық атшабар ашылып, арнайы киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамын 10 күн бойы тойлау жоспарлануда. Мерекеге дайындық барысы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланып, атқарылатын жұмыстар пысықталды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде әрі креативті форматта ұйымдастыруды тапсырды.
▪️Жиын барысында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков, облыстық спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров және облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасады. Олар мерекеге дайындық барысын баяндап, алдағы жоспарларды ұсынды.
▪️Наурызды бір күн емес, тұтас ай бойы тойланатын үрдістер бар. Өткен жылы Наурыз мерекесінің атап өтілуі қоғам арасында қызығушылық тудырған. Осыған орай «Көрісу күні – Амал мерекесі» атауын қоғамдық айналымға енгізу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу ұсынылды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен келген нұсқаулыққа сәйкес, биыл Наурыз тойы Түркістанда рухани-тарихи елорда атауының мазмұнын терең қалыптастыру мақсатында 10 күн атап өтіледі. Қазіргі кезде мерекелік іс-шаралар жоспары жасалып отыр.
▪️Мерекелік бағдарлама аясында мәдениет ұйымдарында ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған заманауи форматтағы көрсетілімдер ұйымдастырылады. Сондай-ақ өңірде цифрлық даму бағытындағы AI, IT, VR, робототехника саласындағы жобалар таныстырылып, мектеп оқушылары мен студенттердің интеллектуалды еңбектерінің көрмесі өтеді.
▪️Ұлттық спорт түрлерінен (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, садақ ату және т.б.) дәстүрлі жарыстар өтпек. Түркістан төрінде азулы ақындар аламан айтыста бас қосады. Елімізге танымал жұлдыздардың концерттік бағдарламалары, сан алуан байқаулар мен фестиваль, ғылыми-танымдық VR экскурсиялар, интеллектуалды ойындар, қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі өткізіледі.
▪️Ұмыт болған ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, дәріптеуді бағыт ете отырып өткізілетін 10 күндік іс-шаралар облысчқа труистерді көптеп тудыруға мүмкіндік береді.
▪️Айта кетейік, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 6 наурыз күні облыс әкімінің қатысуымен «Әлемнің жарығы – Ана» атты салтанатты іс-шарасы өтеді. Шара барысында қоғамның түрлі саласында үлгіге айналған ардақты аналар марапатталып, құрмет көрсетіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пікір қалдырыңыз