aspan

ТҰРАНДА БАЛАЛАР ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

Шымкенттің Тұран ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың бос уақытын тиімді өткізуі мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңа балалар ойын және спорт алаңшаларының құрылысы қарқынды жүруде. Нысандар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Биыл аудан аумағында барлығы 32 ойын және спорт алаңшасын салу жоспарланған, оның ішінде 19 балалар ойын алаңшасы, 13 ашық спорт алаңы да бар.
Бүгінгі таңда 15 нысан пайдалануға берілді, ал қалғандарының құрылысы бекітілген кесте бойынша жалғасуда. Барлық алаңшаны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Жаңа нысандар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына және аула инфрақұрылымын жақсартуға оң әсер етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБЗАЛ ҚҰСПАН: «АДВОКАТУРА ИНСТИТУТЫ – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТІКЕЛЕЙ ТЕТІГІ»

Aspan info

ЕЛОРДАДА ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫННЫҢ ПӘТЕРІНЕН ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕДІ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз