aspan

«СПОРТ – ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ» АЛДЫН АЛУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сәйкес, Психикалық денсаулық орталығында 7 сәуір – Денсаулық күніне орай «Спорт – есірткіге қарсы» атты алдын алу акциясы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, медицина қызметкерлері арасында спорттық белсенділікті арттыру және есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері эстафеталық жарыстар, жүгіру, волейбол, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша сайыстарға қатысты. Жалпы шараға қалалық Психикалық денсаулық орталығынан 150-ден астам қызметкер қатысты.
Төрешілер алқасы үздік командалар мен белсенді қатысушыларды марапаттады. Кәсіподақ тарапынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Акция Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының медициналық ұйым қызметкерлерінің белсенді қатысуымен өтіп, ұжым арасындағы бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСЕТ ЕРҒАЛИЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛДЫ

Aspan info

АЙБЕК СМАДИЯРОВ ТОҚАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ БОЛДЫ

Aspan info

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮДІКТІЛЕРДЕН ІРІ КӨЛЕМДЕ «СИНТЕТИКА» ТӘРКІЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз