aspan

ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы дендросаябақ аумағынан 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Оқиға қала тұрғындары жиі демалатын орындардың бірінде болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам асылып қалған күйінде табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тіркелген. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін де аталған дендросаябақ аумағында осындай жағдай тіркелген. 2022 жылы бұл жерде Ресей Федерациясының азаматы Александр Кирьянов асылып қалған күйінде табылған болатын.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АУЫЛДАҒЫ САЙЛАУ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖҰМЫСЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРДІ»

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Aspan info

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз