aspan

ШЫМКЕНТТЕ Н.НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНАН БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫНА ОҢ ЖАҚ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, мегаполисте магистральды жолдардың өткізу мүмкіндігін арттыруға, көлік кептелісін азайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Қазіргі таңдағы және болашақтағы көлік ағымы ескеріле отырып, көлік өткелдері мен жолайырықтарын салу және жаңарту бойынша кешенді жобалар жүзеге асырылуда.
Осы жобалардың аясында Н.Назарбаев даңғылынан Бәйдібек би даңғылына оң жақ өткел ашылды. Бұл көлік ағымының бағытын өзгертумен қатар жол жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, жүргізушілердің жолдағы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұл жобаны жүзеге асыру, сонымен қатар, қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстың бір бөлігі саналады және осы учаскедегі жол қозғалысын оңтайландыруға бағытталған.,
,

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ

Aspan info

Шымкентте студенттердің бизнес-жобалары іріктелді

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз