aspan

ШЫМКЕНТТЕ МАГИСТРАЛЬДАР МЕН ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚТАР ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

2024–2025 жылдары Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды. Бұл өзгерістер қала келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындардың қатынауын анағұрлым ыңғайлы, қауіпсіз және заманауи етуге мүмкіндік берді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүзеге асырған ірі жобалар көше-жол желісін жақсартуға, қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Мұның барлығы қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етуде.
Жүргізілген цифрлық паспортизация және қалалық инфрақұрылымды диагностикалау нәтижесінде Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымды құрайтын 6 882 көше бар екені анықталды. Соңғы екі жыл ішінде 1 328,5 шақырым жаңа жол салылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 2024 жылы – 269,5 шақырым, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша – 1 059 шақырым жол пайдалануға тапсырылды.
2024 жылы жалпы ұзындығы 20 шақырымнан асатын төрт жаңа көше іске қосылды. Атап айтқанда, А-2 айналма жолын қайта жаңғыртудың 4-кезеңі, Өтегенов көшесінің екі кезеңмен жалғастырылуы және Оңтүстік айналма жолдың құрылысы аяқталды. Бұл жобалар көлік ағындарын оңтайландырып, негізгі магистральдардың өткізу қабілетін айтарлықтай арттырды.
2025 жылы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары одан әрі жалғасып, жалпы ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын алты ірі нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында А-2 айналма жолының 6 және 8-кезеңдері бойынша жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары бар. Нәтижесінде жоба 90 пайызға орындалып, қала ішіндегі көлік қатынасы едәуір жақсарды.
Қаланың орталығын маңызды көлік магистральдарымен байланыстыратын жолдарға ерекше назар аударылуда. Соның бірі – Шымкент орталығын Ташкент – Алматы тасжолымен жалғайтын Қонаев даңғылының құрылысы. Қазіргі таңда бұл нысан бойынша жұмыстардың 85 пайызы орындалып, екінші кезеңі пайдалануға берілді. Жобаны толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «AULET» ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАНУДА

Aspan info

ШЫМКЕНТ: ЗНАЧИТЕЛЬНЫЙ ПРОГРЕСС В ОБЕСПЕЧЕНИИ ГОРОДА ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ, ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ И УЛИЧНЫМ ОСВЕЩЕНИЕМ

Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

Пікір қалдырыңыз