aspan

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТЕГІ АЗАМАТТАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында жаңа шағынаудандарды қоныстандыру қарқынды жалғасуда. Тұрғын үй бағдарламасын іске асырудың кезекті ретінде 30 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Салтанатты рәсім «Көрме» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы қала тұрғындарын жеке құттықтап, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі жүйелі жұмыстың маңызын атап өтті.
Айта кетейік, заманауи көп қабатты үйлердегі пәтерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.
Асар-2 шағынауданындағы барлық үй инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын. Пәтерлермен қамтамасыз ету жұмысы жоспарлы түрде жалғасатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте дәстүрлі Бірыңғай есеп беру күні өтті

АЛМАТЫДА АҚША БОПСАЛАДЫ ДЕГЕН БЛОГЕРЛЕР 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Aspan info

МӘСЛИХАТТА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз