aspan

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat ұлттық сараптамалық алаңының «Қазақстанның тұрақты өңірлік дамуы: цифрлық, экономикалық және әлеуметтік бағдарлар» тақырыбындағы отырысы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған өңірлік саясаттың басым бағыттарын талқылау және олардың тиімді іске асырылу тетіктерін қарастыру болды. Сондай-ақ отырыста өңірлердің цифрлық трансформациясы, экономикалық өсімнің тұрақтылығы және әлеуметтік даму бағыттары кеңінен сөз болды. Сарапшылар өңірлік теңгерімді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, нақты шешімдер мен ұсыныстар берді.
Кездесу барысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің проректоры Ғани Бесбаев, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының, Қоғамдық кеңестің және өзге де сарапшылардың баяндамалары тыңдалды.
Спикерлер өңірлердің тұрақты дамуына жүйелі көзқарас қалыптастырудың, цифрлық шешімдерді енгізудің және жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік тұрақтылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзара байланысын күшейту арқылы өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.
Жиын соңында қатысушылар өңірлік саясатты одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ұсыныстар пакетін әзірледі. Шаһарда ұйымдастырылған бұл кездесу еліміздің тұрақты өңірлік дамуына серпін беретін маңызды сараптамалық алаң ретінде бағаланды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАЛАР ТОЛЫҚ СПОРТТЫҚ КИІММЕН ҚАМТЫЛУДА

Aspan info

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз