aspan

ШЫМКЕНТТЕ 4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ АҒАШ БҰТАҒЫНЫҢ АСТЫНДА ҚАЛЫП ҚАЙТЫС БОЛДЫ

«Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі.
Қала тұрғындарын ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз», — делінген әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған хабарламада.
Otyrar телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 11 ақпанда Шымкенттегі 11-ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.
Куәгерлердің сөзінше, 10 жасар баланың шекесіне сынған ағаш тиген. Оқиғаны алғаш болып аула тазалаушылар көріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Артынша полиция қызметкерлері келген. Бала оқиға орнында көз жұмған, келген медицина қызметкерлері оның өлімін тіркеген.
Куәгерлердің айтуынша, бала сол маңдағы үйлердің бірінде отбасымен бірге тұрады. 4-сынып оқушысы болған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТКЕ КӨШУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮРДІСКЕ ТОЛЫҚ САЙ КЕЛЕДІ»

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАНДЫ ТӨБЕЛЕС: ТАҒЫ 3 КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXIV СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз