aspan

ШЫМКЕНТТЕ 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 35 отбасы жалға берілетін пәтер кілттерін алды.

Кілт табыстау рәсімі «Көрме» орталығының алаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Айта кету керек, пәтерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға берілді.
Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан, қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және қоныстануға толық дайын. Осылайша қалада баспана кезегінде тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету жалғасуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ХАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 2025 ЖЫЛҒЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР

Aspan info

ЕСЕПСІЗ ЖҰМСАЛҒАН  ҚАРАЖАТТЫҢ  СҰРАУЫН КІМ БЕРЕДІ?!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ САЛЫНУДА

Пікір қалдырыңыз