aspan

ШЫМКЕНТ АСПАНЫНДА ЕКІ ҰШАҚ СОҚТЫҒЫСА ЖАЗДАДЫ

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады
Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Шымкент аспанында шетелдік екі әуе компаниясына тиесілі ұшақтар бір-біріне тым жақын қашықтықта ұшқан. Олар Қазақстан арқылы транзиттік рейспен өткен.

«Победа» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Внуково – Самарқанд бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Ал екіншісі Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі Airbus A320 әуе кемесі. Ол Термезден Мәскеуге бағыт алған.

Ұшақтар бір-біріне жақындаған сәтте, екеуі де Шымкенттегі әуедиспетчерлердің бақылау аймағында болған. Оқиға Азаматтық авиация қағидаларына сәйкес тергеуді қажет ететін ауыр авиациялық жағдай ретінде тіркелді. Қазір Көлік министрлігі тексеру үшін арнайы комиссия құрып жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СИСТЕМА СОЦИАЛЬНОЙ ПОДДЕРЖКИ В СФЕРЕ ЖИЛИЩНЫХ СЕРТИФИКАТОВ И ПРИВАТИЗАЦИИ РАЗВИВАЕТСЯ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ 583 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРУ ІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҚТЫ

Aspan info

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 260-ТАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз