aspan

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті.
✔️Кеңеске Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.
✔️Президент бүгін «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.
✔️Мемлекет басшысы алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқындайтын заңдарды түзеу қажеттілігіне назар аударды.
✔️Жалпы, алты конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде үш заң қабылдау қажет.
✔️Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек.
📌Мемлекет басшысы заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуге тиіс.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БЛОГЕР ЖАНӘБІЛОВТЕР 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АСХАТ ХАСЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ӨТКЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пікір қалдырыңыз