Жаңалықтар Қоғам

Президент Тоқаев Қытайға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

28-29 наурызда Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қытайға барып, Боао азиялық форумының сессиясына қатысады.

«Сапар бағдарламасында Қазақстан Президентінің ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдар мен ірі қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулері қарастырылған», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) коммунистік партиясы комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА халық үкіметінің төрағасы Еркін Туниязды қабылдады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттен шығып кеткен 54 жолаушысы бар автобус тас жолда аударылып кетті

ТАТАРСТАНДА «ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

ТАЗАРТУ КҮНІ: САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАРҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз