aspan

ПОЛЬШАНЫҢ ІРІ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ БІРІ ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛАДЫ

🔷Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның («Polpharma Santo» сауда белгісі) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан мақұлданды.

🔷 Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында жаңа өндірістік қуатты желілер салынып, шығарылатын дәрілік препараттар 38 атауға дейін кеңейтіледі. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар.
🔷 Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
🔷 Польша тарапы, сондай-ақ, Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен заманауи зертханаларды қамтитын Сапа және инновациялар орталығын салуды жоспарлап отыр.
🔷 Зауыттың ашылуы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және Шымкенттің елдегі жетекші фармацевтикалық орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ҚТЖ»-НЫҢ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Aspan info

КИБЕРБЕЗОПАСНОСТЬ НА ПЕРВОМ МЕСТЕ: МЕМОРАНДУМ МЕЖДУ ГОСКОРПОРАЦИЕЙ «ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН» И TSARK

Пікір қалдырыңыз