aspan

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары қатысты. Сессия барысында облыс аумағында тіркелген азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, соның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы шешімге өзгерістер енгізу, 2025-2030 жылдарға арналған Абай облысының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын бекіту, облыс бойынша тексеру комиссиясының ережесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау мәселелері қаралды.
Жиын барысында депутаттар тарапынан денсаулық сақтау, жол инфрақұрылымы, көлік қатынасына байланысты депутаттық сауалдар жолданды. Сессия соңында сөз алған аймақ басшысы күнтәртібінде талқыланған мәселелердің өңіріміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар екенін атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін қазақстандық әйелге 664 мың теңге айыппұл салынды

Пікір қалдырыңыз