aspan

КЕЗЕКТЕГІ АЗАМАТТАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАЛҒАСУДА

🔷 Шымкент қаласында 30 отбасы жаңа пәтерге көшу мүмкіндігіне ие болды. Баспана кілтін табыстау үйге мұқтаж азаматтарды кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жұмысы аясында өтті.

🔷 Қоныс иелеріне кілттер «Көрме» орталығында өткен арнайы салтанатты рәсім барысында табысталды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа пәтер иелерін құттықтап, тұрғын үй бағдарламалары жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

🔷 Жаңа пәтерлер кезектегі тұрғындарға берілді. Олардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.

🔷 Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Нысандарға қажет барлық инженерлік желі қосылған және қоныстануға толық дайын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 99,5 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ЕГІСТІК АЛҚАПТАР ҰЛҒАЙЫП, ӨНІМДІЛІК АРТҚАН

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР

Пікір қалдырыңыз