aspan

КЕЗЕКТЕГІ АЗАМАТТАРҒА ТАҒЫ 30 ПӘТЕР БЕРІЛДІ

🔷 Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Бұл жолы баспана кезегінде тұрған 30 отбасы коммуналдық үй қорынан жалдамалы пәтерлерге ие болды.
🔷 Көп қабатты үйлер Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарында орналасқан.
🔷 Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Қала әкімі тұрғындарды қоныс тоймен құттықтап, жаңа шағынаудандардың кешенді дамып жатқанын атап өтті, мұнда үйлермен қатар инфрақұрылым да қатар салынуда.
🔷 Айта кету керек, пәтерлер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, толық емес отбасыларға және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға, мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ: СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

НИПАХ ВИРУСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз