aspan

ҰҚК ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІНІҢ СЕРКЕСІ: «КРОПАЛЬ» ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ДЕГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті криминалдық ортада «Кропаль» лақап атымен белгілі 40 жастағы Асылбек Төлетпековті ұстады.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Бопсалау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ ол тергеу құрығына алғаш рет ілігіп отырған жоқ.
2010 жылы Шымкентте Төлетпеков екі тапаншамен қолға түскен. Оның бірі оқ атуға бейімделген «Байқал» тапаншасы болса, екіншісі резеңке оқтармен атылатын пневматикалық «Оса Лазер» қаруы екені анықталған. Сарапшылар қаруды атысқа жарамды деп таныған соң, оған заңсыз қару сақтау және алып жүру бабы бойынша іс қозғалған.
Одан да бұрын Төлетпеков полиция назарына ілігіп үлгерген. 2004 жылы бұзақылық және тонау бойынша айыпталып, қылмыстық жазаға тартылса, 2008 жылы қару сақтағаны үшін сот үкімімен бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылған.
Ішкі істер министрлігінің жедел базасында оның есімі қылмыс әлемінің белсенді өкілі ретінде тіркелгені белгілі болды.
Қазір тергеу органдары Төлетпековті «Кропаль» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ретінде күдіктеп отыр. Ол Алматыға жеткізіліп, тергеу амалдары басталып кетті. Әзірге істің мән-жайы толық жария етілмеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ӘКІМ – ЕҢ АЛДЫМЕН, ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ»

ПЕНСИОНЕРКА ЗАМЁРЗЛА НАСМЕРТЬ НА ТЕРРИТОРИИ БОЛЬНИЦЫ В ПЕТРОПАВЛОВСКЕ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз