Дубайдың халықаралық әуежайы (DXB) дронмен жасалған ықтимал шабуылдан кейін уақытша жұмысын тоқтатты. Әлеуметтік желілерде тараған видеода әуежай аумағына құлаған БПЛА жарылып, түтін шыққаны көрінеді.
БАҚ мәліметінше, Дубай әуежайының жұмысы тоқтаған әр минут шамамен 1 миллион доллар шығын әкеледі.
Билік жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық рейстер уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
