aspan

БҰҰ СТАТИСТИКАСЫНА СЕНБЕЙМІН – ЖҰМАНҒАРИН

Министр «расында да халық өзі сезетінін» (қымбатшылықты) айтты.

«Азық-түлік алғанда өзінің лимиті бар. Дүкенге барғанда тамаққа қанша жұмсаймын деп ойлайды. Кеше барғанда немесе ерте барса салыстырады. Қымбаттап кетсе, әрине, оны сезеді. Біздің қазіргі басты мақсатымыз – халықтың табысын көтеру. Сол бағытта арнайы бағдарлама жасап жатырмыз. Маусым айына дейін оны Үкіметтің қаулысымен бекітіп, іске қосамыз», – деді ол.

Серік Жұманғариннің сөзінше, Үкіметтің мақсаты – халықтың табысын инфляция мөлшерінен жоғары 2-3 пайызға көтеру.

Бұған дейін БҰҰ Азық-түлік бағасы Қазақстанда күрт қымбаттауы мүмкін деп болжам жасаған еді. Әлем бойынша инфляцияның орташа болжамы 3,7% деңгейінде болса, Қазақстанда жыл соңына қарай азық-түлік бағасының өсімі 12,2% болады деп күтілуде. Бұл – өңірдегі ең жоғары көрсеткіш.

Жұманғариннен «бұл жайлы не ойлайсыз?» деп сұралғанда ол «кім қандай статистика беріп жатқанын қарау керек» деді.

«Себебі Ресей мен Беларусьтің статистикасы жабық. Сол себепті есеп бергенде қандай деректер қай жерден алынғанын, оларды кім жасағаны өте маңызды. Ондай статистикалардың мақсаттары қандай? Мен өзіміздің Ұлттық статистика бюросына сенемін, басқаларға назар аудармаймын», – деді ол.

«Сонда БҰҰ статистикасына сенуге болмай ма?» деген сұраққа «біз 2-3 рет қарағанда арамызда дау айтар әңгіме болды» деп жауап берді.

Бұған дейін вице-премьер Серік Жұманғарин елде азық-түліктің қымбаттауын тек қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуінен көре беруге болмайды деп мәлімдеген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА!

ЖЕРЛЕНГЕН ӘЙЕЛ БІР АЙ ӨТКЕН СОҢ ҮЙІНЕ ТІРІ ОРАЛДЫ

Aspan info

«Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында қоғамдық дәріс өтті

Пікір қалдырыңыз