aspan

ҚАЗАҚСТАН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫН БІР АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН АЯҚТАДЫ

Қазақстан құрамасы кезекті Олимпиада ойындарын бір алтын медальмен қорытындылады. Ел намысын спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қорғады.

 

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында (жарыстар толық аяқталмағанына қарамастан) Қазақстан жалпыкомандалық есепте Бразилиямен бірге 19-орынды бөлісіп тұр. Қос елдің қоржынында бір алтын медальдан бар.

Биылғы Олимпиада ойындарына әлемнің 95 елінен спортшылар қатысуда. Қазақстандық спортшылар бірнеше сайыста жүлдеге жақын нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа енді.

Топ-10 қатарына енген қазақстандық спортшылар:
🔹 Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метр қашықтықта 6-орын;
🔹 Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде 7-орын;
🔹 Илья Мизерных (трамплиннен секіру) – үлкен трамплинде 8-орын;
🔹 Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда 8-орын;
🔹 Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде 9-орын;
🔹 Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын;
🔹 Елизавета Голубева (конькимен жүгіру) – 1500 метрде 7-орын.

Жалпы алғанда, қазақстандық спортшылар бірқатар бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын халықаралық аренада лайықты деңгейде қорғады.

Олимпиада маусымы аяқталғанымен, ұлттық құрама спортшылары алдағы халықаралық жарыстар мен ірі турнирлерге дайындықты жалғастырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕР АДАМ ӘЙЕЛІ МЕН ҮШ ЖАСАР БАЛАСЫН АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

Aspan info

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ ӨЗ БАЛАСЫН ҰРЫП, СОНЫ ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз