aspan

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

📢 Құрметті қала тұрғындары!

2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

🔹 «Қауіпсіз үй» – әр отбасының тыныштығы мен амандығына бағытталған маңызды бастама.
🔹 Басты ұстанымымыз: қауіпсіз ұя – бақытты өмірдің кепілі.
🔹 Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🔹 Бір-бірімізге жанашыр болып, қорғап жүрейік!

Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады.

🎯 Негізгі мақсаттары:
• Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
• Қауіп тобына жататын отбасыларды анықтау және қолдау
• Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету

Барша азаматтарды заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырамыз!

                                                                                                           Шымкент ҚПД Абай АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОЙДЕТ XVI-ЧЕМПИОНАТ АЗИИ ПО СПОРТИВНОЙ СТРЕЛЬБЕ !

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ МЕКТЕПКЕ ТАПАНША АЛЫП КЕЛГЕН.

Aspan info

Пікір қалдырыңыз