aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ел тарихында елеулі із қалдырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы құрылтай мүшелерінің қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарғанын, әділетті, қуатты, қауіпсіз және таза Қазақстанның іргесін бірге қалағанын жеткізді.
«Сіздер еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани болмысын өзгерту жолында зор еңбек еттіңіздер. Мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да біз бірге ел игілігіне қызмет ете береміз деп сенемін», – деді Президент.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта ел алдында шешілетін маңызды міндеттердің көп екенін, сондықтан қиындықтан жалтарып немесе табысқа тоқмейілсіп отыруға мүмкіндік жоқ екенін атап өтті. Бірлікті сақтап, білек сыбанып, іске кірісу қажеттігі ерекше атап көрсетілді.
Сонымен қатар, Президент келесі Парламенттің халқымыздың ұлттық санасында өзіндік орны бар ұғым – Құрылтай атауымен аталуы мүмкін екеніне сенім білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУРНИР ӨТТІ

Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеге астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

ҚАЗАҚСТАН АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ OPENAI EDU FOR COUNTRIES ТОБЫНА ҚОСЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз