aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ – ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ КАН ХУН ШИКТІ ҚАБЫЛДАДЫ

✔️Мемлекет басшысы Корея Республикасы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынына назар аударып, екіжақты ықпалдастық қарқынына жоғары баға берді.
✔️Президент Қазақстанның корей халқына және Корея Республикасының даму деңгейіне құрметпен қарайтынын атап өтіп, Астана екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Кан Хун Шиктің арнаулы өкіл ретінде елімізге жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды және Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ыстық лебізін жолдады.
– Сіздің сапарыңыз қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту тұрғысынан өте маңызды. Бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің ынтымақтастығы арта түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
🇰🇷Кан Хун Шик қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумның табысты өтуіне орай Президент Ли Чжэ Мёңнің құттықтауын жеткізді
✔️Арнаулы өкіл Корея Республикасының сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейту, сондай-ақ түрлі салада бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өзара қарым-қатынасты мүлдем жаңа деңгейге шығаруға айрықша маңыз артатынын мәлімдеді.
✔️Әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе, соның ішінде жаһандық нарықтағы қазіргі сын-қатерлерге байланысты энергетика, көлік-логистика салаларында ықпалдастық аясын кеңейту перспективасы талқыланды.
✔️Кездесу соңында Кан Хун Шик Президент Ли Чжэ Мёңнің Қазақстан Президентін Корея Республикасына сапармен келуге және биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін «Корея – Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақыратынын айтты.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы жоғары деңгейде өтетін алдағы келіссөздер екі ел ынтымақтастығын жандандырып, Орталық Азия – Корея Республикасы форматындағы ықпалдастықты арттыруға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

САРСАҢҒА САЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

ДОНАЛЬД ТРАМП ПРИГЛАСИЛ КАЗАХСТАН И КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В СОВЕТ МИРА ПО ГАЗЕ (НЕКОТОРЫЕ СМИ НАЗЫВАЮТ ЭТО АЛЬТЕРНАТИВОЙ ООН)

Aspan info

Пікір қалдырыңыз