aspan

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

 Ағымдағы жылдың 6 айында қаржы пирамидаларын құру және оны басқару дерегімен 3 қылмыстық іс анықталған. Мамандардың айтуынша оның 1-і өнідіріспен аяқталса, қалған 2 іске байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда біршама азайған. Деседе, Экономикалық тергеп-тексеру мамандары қаржылық пирамидалардан абай болуға шақырады.

 Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының жүйелі жұмысының нәтижесінде қаржы пирамидаларына қаржы құятын салымшылар саны едәуір төмендепті. Мәселен, 2023 жылы 960 салымышы болса, ағымдағы жылы 690 салымшыны құраған. Ал, келтірілген шығын көлемі өткен жылы 720 млн теңгені құраса, биыл жылы шығын 432 млн теңген.

Сондай-ақ, Қаржылық мониторинг агентігінің ресми веб-сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі жаряланған. Сонымен қатар бүгінгі қылмыстық іс қозғалып жатқан қаржылық приамидалар туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл кез-келген тұлғаға қолжетімді.

Агенттіктің жыл басынан бері «Байқа, приамида» атауымен бот жұмыс істейді. Оған кез-келген азамат қандай да бір күмәнді әлеуметтік желінің немесе сайттың сілтемесін аталмыш ботқа жібере алады.  Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің рестірінде бар-жоғына және БИН арқылы компанияларды да тексеруге мүмкіндік бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ: 2024–2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Aspan info

ЕУРОПА ОДАҒЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІ

Пікір қалдырыңыз