Жаңалықтар

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ БАР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында ерекше кәсіпорынның қазіргі жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Келес Пласт» ЖШС-нің қайта өңдеу цехында болды. Аталған цех 2018 жылдан бері ауыл шаруашылығына қажетті пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өндіруге арналған стакан түрлерін шығарады. Жергілікті тұрғын Нұржан Омаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаруашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

Алматы облысындағы әдепсіз сөздерден судья қызметінен айрылды

Премьер-министрге қазақстандықтардың кейбір санаттарының жалақысын көтеру ұсынылды

Пікір қалдырыңыз