aspan

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН СӨЗ ЕТТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорспен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты кеңейту, білім беру, туризм және медицина салаларында ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Қала басшысы Елшіге Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтар және кәсіпкерлік жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ қаланың дамуында маңызды рөл атқарып келе жатқан британдық «AstraZeneca» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық бастамалары ерекше атап өтілді.
Компанияның қолдауымен қалалық онкодиспансер базасында заманауи эндоскопиялық жабдықты қолданатын онкологиялық ауруларды диагностикалау орталығын ашу жоспарланып отырғаны айтылды. Жоба шеңберінде жергілікті медицина мамандарын оқыту және халықаралық стандарттарға сай тәжірибені енгізу көзделуде.
Кездесу барысында қала құрылысы, тұрақты экономикалық даму және тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыру бағыттары бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктері де талқыланды.
Кездесу соңында Шымкент қаласының әкімі Елшіге конструктивті диалог үшін алғыс білдіріп, жоспарланған бірлескен бастамалар екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ НҰРЛАН АЛМАСБЕКОВ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ.

Aspan info

 Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнабайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті.

ЧЕЛАХ ІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҒАРҒАН СУДЬЯ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз