Ақпарат Шымкент

ҚАЗАҚТА КЕЛ ДЕМЕК БАР, КЕТ ДЕМЕК ЖОҚ!

Үшінші мегаполистің әлеуметтік салада маңызды тармақтары білім, мәдениет, денсаулық екені баршаға белгілі. Биылғы оқу жылы жасырын емес көңіл көншітпейтіндей адам қуанатын ешқандай шаттықсыз аяқталды. Білім жүйесі жүйеден шығып, ыдырауға таяп қалды. Аллаһ сақтап оқу жылының аяқталғаны Шамшиеваның құлағына уақытша шамалы тыныштық ұялағандай болды.
Қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы сеніп тапсырған білім саласын Шамшиева шыңға емес, тұңғиыққа тіреді десек қателеспейміз. Басқармадағы Істеп тұрған жүйені кадр ауыстырумен бастаған Шамшиева сәтсіздікке соқтырды.

Өзі сеніп алып келген Ердәулет есімді маман, мектепке дейінгі және қосымша білімге арналған конкурста сыры ашылып, маскасы шешілді. Соңында «декретке» бір кетті. Қашудың жолығой енді. Кейіннен оны қайтарып жұмысқа жекті. Бірақ түк шықпады. Ақыры кетіп тынды. Естуімізше Ердәулет осы қалада жұмыссыз жүрседе, Шамшиевамен жолығып тұрады екен.
Ердәулет тастап кеткен сала, білім басқармасының ең бір маңызды саласының бірі еді. Өкінішке қарай мұның зардабын білім басқармасымен қоса мектепке дейінгі қызметкерлерде көрді. Мұны бір деңіз. Енді қаржы бухгалтерия саласына ауыссақ. Ол жерге де Шамшиева қарап тұрмады, маман деп жаңа азаматшаларды әкелді.

Олар жүйені қақпай, саланы қаржылық қиындықтарға соқтырды. Ақыр соңы мектепке дейінгі мекемелер айлықсыз қала жаздады. Бұл мәселе қала әкімдігінің ғимаратында үлкен жан-айқаймен тынды.

Бұл жерде Шамшиева алып келген Раушан есімді маман жұмыстан кетуіне тура келді. Мұны екі деңіз. Ең сорақысы өзін кіші жүздің қызымын, мінезім бар деп басқарманың басшысы ретінде дер кезінде жедел түрде проблемалардың алдын-алу миссиясын орындамай, құзырлы органдардан айыппұлдар арқалады. Бұл өз кезегінде басқарманың беделін, ішкі жұмыс тәртібіне үлкен сын болды. Білім басқармасымен соттасатындарың саны екі есеге артты.
Үнемі Республикада көш басында жүретін білім саласы, артқа кетіп тұңғиыққа тірелді. Халықтың оның ішінде ата-аналардың наразылықтары білім басқармасы емес, әкімшіліктің мойнына да жүк болды.
Бәрін айтта бірін айт Шамшиеваның жауапсыздығы мен салғырттығынан жазғы демалыс лагерлері дер кезінде жұмыс бастай алмады. Балаларымыз қаланың күйіп тұрған асфальтінде демалыстарын өткізуде. Мектеп директорларының, балабақша меңгерушілерінің ұсыныс хаттарын, хабарламаларын зерделейміз деп жеті ай уақытты босқа өткізді.

Дер кезінде іс әрекетке бармады. Қорыта айтқанда бұл «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлма» деген аталы сөзге әбден лайықты.
Қала әкімінің жарқын жүзін халық алдында жерге қаратқан білім басқармасының басшысы қалай ақталатыны бізге түсініксіз. Жақын күндерде бұл мәселеге нүкте қойылады деген ойдамыз.
Бірақ, Халыққа не деп айтамыз? Бұл дәлелдер нақты фактілерге сүйеніп жазылды. Біз Шамшиеваға алты алас, бес бересіміз жоқ. Қазақта кел демек бар, кет демек жоқ. Шешімін өзінде қалдырайық!

Ал, білімдегі біліксіздікке соңғы нүктені қала басшысы Ғабит Сыздықбековтен ерлікке барып қоятынын күтемз!

Related posts

Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды

Мешіттегі төбелес

«Көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оқыс оқиғаға тап болды

Leave a Comment