Түркияның Балыкесир қаласында орналасқан 9-шы негізгі реактивті әуе базасына тиесілі F-16 Fighting Falconжойғыш ұшағы оқу-жаттығу сипатындағы жауынгерлік ұшу кезінде апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесімен радиобайланыс түнгі сағат 00:56-да үзілген. Іздеу-құтқару операциясы барысында ұшақтың құлағаны расталып, сынықтары табылған.
Апат Измир – Стамбул тас жолының Наипли учаскесі маңында болған. Қауіпсіздік шараларына байланысты жол қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі апаттың нақты себебі арнайы техникалық комиссия жүргізетін тергеу нәтижесінде анықталатынын мәлімдеді.
