aspan

ҚЫЗ ЗОРЛАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛҒАН ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРГЕ ТАЛАСТЫ

Марат Күштібаев колонияда отырып Жетісу облысы полиция департаментін сотқа берді.

Ол Болашақ шағынауданындағы қызметтік пәтерде 2016 жылдан бері тұрып келеді. Сөзінше, 2023 жылдан бері тұрғын үйді жекешелендіру туралы рапорты қаралмаған. Күштібаев 35 жылдан астам қызмет еткенін атап өтті. Оның сөзінше, жұмыстан босатылса да. үйді жекешелендіруден бас тартуға болмайды.

Сонымен қатар отбасын пәтерден шығармауды сұрады. Қызметтік пәтерде қазір экс-полицейдің жұбайы мен үш баласы тұрады.
Жетісу облысының арнайы ауданаралық әкімшілік соты Күштібаевтың пайдасына шешім шығарды.
Еске салсақ, Марат Күштібаев қыз зорлады деп 11 жылға сотталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

5 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 7 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ 

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРОВЕЛ СОВЕЩАНИЕ ПО ВОПРОСАМ ГЕНЕРАЦИИ НОВЫХ МОЩНОСТЕЙ ДЛЯ РЕШЕНИЯ ПРОБЛЕМЫ ЭНЕРГОДЕФИЦИТА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз