Ақтөбе сотында күйеуін өлтірді деп айыпталған 37 жастағы әйелге үкім шықты. Оқиға өткен жылдың көктемінде болды. Отбасылық жанжал кезінде әйел күйеуіне пышақ жарақатын салды. Кеуде тұсына тиген жарақаттардың бірі жүрекке зақым келтіріп, ол оқиға орнында көз жұмды.
37 жастағы Ксения Седова 7 ай тергеу изоляторында қамауда болды. Сараптама қорытындысы бойынша, ер адамның қанынан 4,58 промилле алкоголь анықталған.
Сотта ол айыпталған “Адам өлтіру” бабы — Аффект бабымен өзгертілді.
Оқиғаға қатысты үш рет сот сараптамасы жасалған. Әрекет аффект жағдайында жасалған деген тұжырымға келіп, айыпты ҚР ҚК 101-бабына қайта саралады.
“Рақымшылық туралы” Заңға сәйкес К.Седова жазадан босатылды.
