aspan

АЛМАТЫ ТАУЛАРЫНДА СТУДЕНТ ҚЫЗ ҚАЗА ТАПТЫ

22 ақпан күні Алматы тауларындағы Титов асуында (теңіз деңгейінен 3400 метр биіктікте) қар көшкіні жүріп, төрт адамнан тұратын туристік топ апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға салдарынан 19 жастағы бойжеткен көз жұмды.

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көшкін кезінде топтағы екі адам қар астында қалған. Олардың бірі өздігінен қар астынан шығып үлгерген. Екінші адамды іздеу жұмыстарына ТЖД-ның 23-әмбебап құтқару бөлімшесі, «Барыс» РММ мамандары, кинологтар мен еріктілер жұмылдырылды.

Құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылды. Алайда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қар астынан табылған бойжеткенді аман алып қалу мүмкін болмады.

«Жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қар астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ZTB NEWS ақпаратына сәйкес, қаза тапқан азаматша — Almaty Management University (ALMAU) университетінің бірінші курс студенті болған. Құтқарушылар оның денесін сағат 12:55-те, яғни апаттан шамамен үш сағат өткен соң тапқан.

Айта кетейік, соңғы күндері Алматы тауларында қардың қалың жаууы мен ауа температурасының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүру қаупі жоғары екені туралы бірнеше рет ескерту жасалған болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОКАЕВ ПОТРЕБОВАЛ СТРОГО СОБЛЮДАТЬ ЗАКОН

Aspan info

АСТАНАДА АУЫР ХАЛДЕГІ АНАСЫН ТҰНШЫҚТЫРЫП ӨЛТІРДІ

Aspan info

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ ФАБРИКУ НЕТКАНЫХ МАТЕРИАЛОВ И ЗАВОД ПО ВЫПУСКУ МЕТАЛЛИЧЕСКИХ ДВЕРЕЙ

Пікір қалдырыңыз