aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ MARS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ПОЛ ВАЙРАУХТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

✔️Президент Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында жалпы сомасы 180 миллион долларға жуықтайтын инвестициялық келісімге қол қойылғанын құптады.

✔️Мемлекет басшысының пікірінше, бұл уағдаластық маңызды стратегиялық серіктестіктің бастауы саналады және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
✔️Жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады. Өндіріс орны агроөнеркәсіп шикізатын терең өңдеуге және қосылған құны жоғары тауар өндіруге септігін тигізеді.
✔️Пол Вайраух өзара тиімді инвестициялық келісімді жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол аталған бастама Mars компаниясының өндірістік әлеуетін кеңейтуге және Орталық Азия мен көршілес аймақтар нарығына өнім шығару көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

Абай тойы – ел мерейі

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

НИПАХ ВИРУСЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз