aspan

ШЫМКЕНТТЕ 600 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР СОТТАЛДЫ

Шымкент қаласында қаржы пирамидасын құру және оны жүргізу фактісі бойынша үкім шығарылды. Қылмыстық істі қаланың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот алдында он адам жауап берді, олардың бірі қылмысты кәмелетке толмаған кезінде жасаған.

Сот анықтағандай, 2024–2025 жылдары сотталушылардың бірі қаржы пирамидасы қағидаты бойынша жұмыс істеген қылмыстық схеманы ұйымдастырып, оған жетекшілік еткен. Жоба әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланып, азаматтарға жоғары табыс уәде етілген. Заңсыз әрекет нәтижесінде 600 миллион теңгеден астам қаражат тартылған.

Іс материалдарына сәйкес, ұйымдастырушы қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында тергеу барысына ықпал етуге әрекет жасаған. Атап айтқанда, жалған айғақ беру үшін куәгерге ақша аудару ұйымдастырылған. Қалған қатысушылар салымшыларға банктік деректемелерді ұсынып, ақша аударымдарын қабылдап, қаржы қозғалысын қамтамасыз еткен.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылды. Қалған тоғыз адам 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, олардың бірқатарына үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды. Қылмысты кәмелетке толмаған кезінде жасаған сотталушыға пробациялық бақылаумен шартты жаза тағайындалды.

Сонымен қатар барлық сотталғандарға азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға және инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: БИЫЛ ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 100% ЖЕТЕДІ

8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ӨЗІН МАЗАҚТАҒАН СЫНЫПТАСТАРЫНЫҢ ҮСТІНЕ БЕНЗИН ҚҰЙЫП, ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

Aspan info

11 АЙЛЫҚ СӘБИДІҢ ӨКПЕСІНЕН МЕТАЛЛ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз