aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨЗ БҮЙРЕГІН 13 МЛН ТЕҢГЕГЕ САТПАҚ БОЛҒАН ЕР АДАМ СОТТАЛДЫ

Түркістан облысындағы ауданаралық сот өз ағзасын сатуға әрекеттенген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол бүйрегін 13 миллион теңгеге бағалаған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, сотталушы 2025 жылдың ақпан айында Telegram мессенджерінде бүйрегін сататыны жөнінде хабарландыру жариялаған. Кейін жедел-іздестіру шаралары барысында ол жасырын түрде әрекет еткен «сатып алушымен» кездесіп, келісімге келген.

Ер адам алдын ала төлем ретінде 5 миллион теңгені қолма-қол алып жатқан кезінде ұсталды. Сот отырысында ол мұндай шешімге не себеп болғанын түсіндірді.

«Сотталушы бұл қадамға ауыр қаржылық жағдай мен қаражатқа деген мұқтаждық итермелегенін айтты. Осы себепті өз ағзасын сатуға ниеттенген», — делінген сот хабарламасында.

Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабы және 24-бабы бойынша (трансплантациялау немесе өзге де пайдалану мақсатында адамның ағзаларына қатысты заңсыз мәміле жасауға оқталу) айып тағылды. Ол сотта өз кінәсін толық мойындады.

Істі қарау нәтижесінде сот мынаны ескерді:
• Қылмыс орташа ауырлық санатына жатады;
• Нақты зардап келтірілмеген;
• Рақымшылық (амнистия) туралы заң талаптарына сәйкес, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірісі тоқтатылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМ 3 МЫҢНАН АСТАМ SIM-КАРТАНЫ АЛАЯҚТАРҒА САТҚАН

Aspan info

СЕССИЯ МАСЛИХАТА: ПРИНЯТЫ ВАЖНЫЕ РЕШЕНИЯ

ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЗАМАНАУИ ҚАЛА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз