aspan

АЛМАТЫДА АҚША БОПСАЛАДЫ ДЕГЕН БЛОГЕРЛЕР 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Алматыда блогерлерге қатысты ақша бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты. Дамир Көшеев пен Руслан Каримов кәсіпкерден 10 миллион теңге талап етіп, қаражатты алып жатқан сәтте ұсталған болатын. Нәтижесінде сот оларды 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Алайда айыпталушылар тағылған айыппен келіспейтіндерін мәлімдеді. Олардың сөзінше, тергеу барысында кінәлары толық дәлелденбеген.

«Біз әділ шешім болады деп үміттендік. Кінәсіз адамдарды ақтайды деп сендік. Тергеу кезінде нақты дәлелдер ұсынылмады деп есептейміз. Соған қарамастан, бізді кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді Көшеев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр

Пікір қалдырыңыз