Әулиеата ауданына қарасты Бектөбе тұрғын алқабында тұрғын үйлерді су басты.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев оқиға орнына барды.
Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жұмыстарына 109 адам және 40-тан астам техника жұмылдырылды. Су басу қаупін азайту мақсатында құм толтырылған қаптар төселіп, шамамен 4-5 тонна инертті материал пайдаланылды. Ұзындығы 250-300 метр қорғаныс бөгеті жасалды.
