Петропавлда терезеден секірген 18 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр
Жасөспірімнің бел омыртқасы мен өкшесі сынған.Ол бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылды.
«Өздігінен тыныс алады. Нақты болжам жасауға әзірге ерте. Денсаулығы жақсарса, амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін», – деді дәрігер.
Оқиғаға байланысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
