aspan

ТОҚАЕВ СИ ЦЗИНЬПИНДІ ҚЫТАЙ ЖАҢА ЖЫЛЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.
– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Aspan info

MEМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІДЕН 10 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН БЛОГЕР ҰСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: БАЗОВАЯ ИНФРАСТРУКТУРА ГОРОДА СИСТЕМНО ОБНОВЛЯЕТСЯ, УРОВЕНЬ ОБЕСПЕЧЕННОСТИ ПРИБЛИЖАЕТСЯ К 100%

Пікір қалдырыңыз