aspan

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖЕКЕМЕНШІККЕ ӨТТІ

Клубтың жаңа президенті бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болған
«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті: оны кәсіпкерлердің бірі сатып алды.
ФКШымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Құжат жеке инвестициялар тартуды, тұрақты нарықтық басқару моделіне көшуді және заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді көздейді. Негізгі бағыттардың қатарында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру бар.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
«Бұл маңызды қадам Шымкенттің елдегі жетекші футбол орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтады. Ол клубты ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге және кәсіби спорттың тұрақты дамуына қосымша ресурстар жұмылдыруға мүмкіндік береді», – деді Ғ.Сыздықбеков.
Өз кезегінде Шахмұрат Муталип компанияның клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты.
«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.
Дархан Еркінұлы әр жылдары бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болды. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс атқарды.
2018 жылғы мамырдан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «Innotrack» бас директорына кеңесші;
2020 жылғы қыркүйектен – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «IST Group Co» бас директорына кеңесші;
2022 жылғы тамыздан – қазіргі уақытқа дейін – АО «EMC» Бас директорлар кеңесінің төрағасы;
2022 жылдан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «NORD Production Group» директоры;
2023 жылғы қаңтардан – қазіргі уақытқа дейін – АО «Тодини Коструциони Дженерали С.п.А.» Стратегиялық даму жөніндегі кеңесші, Қадағалау кеңесінің мүшесі;
2024 жылғы қаңтардан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «Ақтөбе рельсобалқыш зауыты» Қадағалау кеңесінің төрағасы;
2025 жылғы мамырдан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «Integra Construction KZ» Қадағалау кеңесінің мүшесі;
2024 жылғы ақпаннан – 2025 жылға дейін – Қазақстан Бокс Федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті;
2025 жылғы тамыздан – қазіргі уақытқа дейін – Азия Бокс Федерациясының қаржы және аудит комиссиясының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі;
2026 жылғы қаңтардан – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Бокс Федерациясының бірінші вице-президенті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕАМБУЛАНЫҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗҒА ИЕ – СНЕЖАННА ИМАШЕВА

Aspan info

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз