2025 жылы жазда Шымкентте 11-сынып оқитын жасөспірім 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны 26 жерінен пышақтап өлтірген болатын. Сотталушы марқұмның денесін қара дорбаға орап, қоқысқа апарып тастаған. Дене бұзылып, шіри бастағанда табылған. Бұған дейін жасөспірімді сот 7 жыл 6 айға соттаған еді.
Бұған келіспеген марқұмның жақындары апелляцияға беріп, бүгін үкім шықты. Екі баланың анасын өлтіріп, қылмысын жасыруға тырысқанымен қоймай ұялы телефонын да ұрлаған сотталушының жаза мерзімі бар болғаны 1 жылға ұзарды.
