aspan

АЛМАТЫДА ЖҮРГІЗУШІ 15 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫ ҚАҒЫП, ҚАШЫП КЕТКЕН

Әлеуметтік желіде Сейфуллин – Райымбек даңғылдарының қиылысында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Кадрлардан көлік жүргізушісінің жолдан өтпек болған 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткені байқалады.

Оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамастан, оқиға орнынан кетіп қалған.

Зардап шеккен баланың туыстары тергеу созылып кетуі мүмкін деп алаңдап, жол апатын көрген куәгерлерден немесе қандай да бір мәліметі бар азаматтардан хабарласуды сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады. Қазіргі уақытта күдікті жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ EGOV АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН ФОРМАТҚА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ 21 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ПЫШАҚТАП, ӨЛТІРІП КЕТТІ

ЕРТЕ ДИАГНОСТИКА – БАЛАНЫҢ ӨМІРІН САҚТАЙТЫН ШЕШІМ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз