aspan

ТҮРКИЯ ПАРЛАМЕНТІНДЕ ДЕПУТАТТАР ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛДЫ

Дауға себеп Ыстамбұлдың бұрынғы бас прокуроры Акын Гюрлектің Әділет министрі қызметіне тағайындалуы болды.

Гюрлек бұған дейін бірқатар оппозициялық саясаткерлерге қатысты, соның ішінде Ыстанбұлдың экс-мэрі Экрем Имамоғлының қамауға алынуымен аяқталған резонансты тергеулерді жүргізген. Сондықтан оның тағайындалуы оппозиция тарапынан қатаң қарсылық туғызды.

Ант беру рәсімі алдында оппозициялық Республикалық халық партиясының депутаттары парламент мінберін қоршап алды. Вице-спикер Гюрлекті ант беруге шақырған сәтте билеуші Әділет және даму партиясы депутаттары мен оппозиция арасында жаппай қақтығыс басталды. Соның салдарынан отырыс он минутқа үзіліске тоқтатылды. Төбелес кезінде CHP депутаты Махмут Таналдың мұрны қанап кетті.

Үзілістен кейін Гюрлек AKP депутаттарының қалың қоршауында ант қабылдады. Оппозиция өкілдері оны ысқырып қарсы алды. Артынша жаңа Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи де ант берді. Екі министр де залдан ешқандай пікір білдірместен шығып кетті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

Пікір қалдырыңыз