Бұл оқиға қарапайым таныстықтан басталған. Екі айға жуық қарым-қатынаста болып, жігіт қыздың ата-анасымен де танысқан. Кейін қыз сөйлесіп жүрген жігіттің бұрын некеде болғанын біліп, қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда ер адам бұл шешіммен келіспей, үш айдан астам уақыт бойы қызға қоңырау шалып, хабарламалар жазып, соңынан қалмай қудалауын жалғастырған. Сондай-ақ жәбірленушінің отбасына зиян келтіруі мүмкін екенін айтып қорқытқан.
Жәбірленуші бұл туралы полицияға айтып, көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері бірден жедел іс-шаралар жүргізді. Күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция ескертеді: мазалау, қудалау және қорқыту – жай жанжал емес, заңды тікелей бұзу.
Мұндай әрекеттерге дереу әрі қатаң түрде тосқауыл қойылады.
