aspan

ҚАЗАҚСТАНДА «1WIN» ОНЛАЙН-КАЗИНО ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Қазақстанда 1Win онлайн-казиносына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған.
Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
“Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.
Агенттік 2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрағанын баса айтады.
Тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған.
“Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды”, – деп қосты агенттік.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛІМІЗДІҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІН КЕШЕНДІ ЖАҢҒЫРТУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАҚТЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШЕЙХ ЗАИД АТЫНДАҒЫ «АДАМЗАТ БАУЫРЛАСТЫҒЫ» СЫЙЛЫҒЫН ТАПСЫРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА БЕЙНЕҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз