aspan

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА 600 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРЫЛҒАН

Маңғыстау облысында жалған медициналық қызметтер көрсету, денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру анықталды.
Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған.
Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері анықталды.
Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНЕДІ.

ШЫМКЕНТТЕ STARTUP ORDA ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҚАМТЫЛУ ДЕҢГЕЙІ АРТУДА

Пікір қалдырыңыз