2026 жылғы 9 ақпанда Елнұр Бейсенбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды.
Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Елнұр Бейсенбаев — 1986 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Білімі — саясаттану бакалавры және саясаттану магистрі.
Еңбек жолы:
2006–2008 жылдары — «Болашақ» республикалық қозғалысының белсендісі, волонтер, жастар қанатының жетекшісі;
2006–2010 жылдары — «Болашақ» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, «Жастар Үні» журналы бас редакторының орынбасары;
2010–2012 жылдары — «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2012–2015 жылдары — №48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі;
2012–2015 жылдары — ҚНПК Алматы қалалық филиалының хатшысы;
2015–2016 жылдары — Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында бөлім басшысы;
2016–2017 жылдары — Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;
2017–2019 жылдары — «Qadam PRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2019–2020 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі;
2020 жылғы қаңтардан 2021 жылғы қаңтарға дейін — «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы;
2023 жылғы қаңтардан бастап — «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы.
Келесі пост
