Жамбыл облысында екі баласын терезеден лақтырып жіберген ана ұсталды
Жамбыл облысында 36 жастағы әйел сәбилерін терезеден лақтырып жіберген.
Полицияның мәліметінше, келіншек 2021 жылы туған қызы мен 2023 жылы туған ұлын үйдің терезесінен тастап жіберген. Екі бала дереу Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, реанимацияға жатқызылған.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді ПД.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
АЛДЫҢҒЫ ПОСТ
