aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сабитовтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланған алқа отырысы өтті. Жиынға салалық басқарма өкілдері, медициналық ұйым басшылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты аумақтық департаменттер және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өкілдері қатысты.
Денсаулық сақтау басқарма басшысы Қайрат Калибеков баяндамасында 2025 жылы Шымкент қаласының тұрғындарына 16 716 медицина қызметкері медициналық көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші республика деңгейінен жоғары болып, қалада 59 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы мен 47 стационарлық мекеме жұмыс істеп, жалпы төсек-қор саны 4 940-қа жеткен. Медико-демографиялық көрсеткіштер жақсарып, қан айналым жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді.
Өткен жылы медициналық инфрақұрылым жаңартылып, жаңа бөлімшелер ашылып, жоғары технологиялық операциялар саны артты. Сонымен қатар жасанды интеллект жүйелері енгізіліп, дәрілік қамтамасыз ету мен медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы нығайды.
Жиында медициналық және фармацевтикалық бақылау, эпидемиологиялық ахуал, иммунопрофилактика және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту мәселелері де қаралды. Алқа отырысының қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар беріліп, 2026 жылға арналған басым бағыттар айқындалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЕСПЕЧЕН 100%-Й ОХВАТ ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ ВСЕХ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ СТРАНЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕР БАҚЫЛАУДА

Пікір қалдырыңыз